ШҚО шенеуніктері 1,4 млрд теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған

Жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 78 заңсыз келісім жасалған.

ШҚО шенеуніктері 1,4 млрд теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған
istockphoto.com
245

ШҚО прокуратурасы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін мемлекеттік сатып алу өткізгенде әкімдіктердің заңсыз келісімшарт жасағанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келісімшарт жасалған кезде төтенше жағдай жарияланбаған. Сәйкесінше бір көзден сатып алуға келісімшарт жасайтындай негіз болмаған.

Атап айтқанда әкімдік қар шығару, әкімшілік ғимараттарды жөндеу қызметтерін, мұзға қарсы реагенттер сатып алған.

Лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, күні бүгінге дейін 14 млн теңге айыппұл төлеген.

 

Серіктес жаңалықтары