1038
«Баласы бар келіншекке үйлен»: Актер Жаханға анасы ешкім күтпеген кеңес берді (ВИДЕО)
Әзілкеш анасымен бірге түскен видеоны әлеуметтік желідеге парақшасына жүктеген.
Белгілі актер алдағы уақытта баласы бар әйелге үйленуі мүмкін, деп жазды turkystan.kz.
«Сен мені мұқият тыңдап ал.бәлен жылдан бері қиналып жүргеніңді білемін. Ешкімге айтқын келмейтінін, жан-жақтағы туыстарға білдіргін келмейтінін де білемін. Мен бәрін де түсінемін. Сен баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Саған ол өз балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. Бала – деген бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осы туралы ойланып көр. Сен айтпағанмен мен бәрін де жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын», - деді видеода актердің шешесі.
Жарияланған видеоның сипаттамасында актердің анасы айтқан кеңесті орынды санайтынын байқауға болады.
«Анам дұрыс айтатын сияқты, сіз қалай ойлайсыз?», - деп жазды ол.