Дзюдошы Даяна Федосова – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Қазақстандық Даяна Федосова Паралимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды.

Дзюдошы Даяна Федосова – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
Сурет: ҰОК
456

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржыны кезекті қоламен толықты, деп жазды turkystan.kz порталы Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

J2 санатында сынға түскен пара дзюдошы Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды. 

Ол 57 келі салмақта сынға түсіп, кіші финалда түркиялық қарсыласын жеңді. 

Осылайша, Федосова Париждегі Паралимпиада ойындарының қола медалін иеленді.

Серіктес жаңалықтары