«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында экологиялық акцияға 500-ге жуық адам қатысты

100-ден астам қап қоқыс арнайы орынға төгілді.

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында экологиялық акцияға 500-ге жуық адам қатысты
Жамбыл облысының әкімдігі
Автор
Админ
198

«Күзгі тазалық» тақырыбында өткен акция аясында Тараз қаласының 13-шағын ауданында орналасқан көпсалалы балалар ауруханасының маңы қоқыстан тазарды, , деп хабарлады turkystan.kz.

Қазір вандалдар тарихи орындардың аумағын ластап қана қоймай, құнды жәдігерлерді қасақана қиратып, оларға түрлі жазып кететіні жасырын емес. Жамбыл ауданы аумағында орналасқан Айшабибі кесенесінде де осындай өрескел жайттар кездескен. Осы орайда, ауыл ақсақалдары мен ардагерлер жастармен бірлесе отырып, киелі орындардың аумағын тазартып жатыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет» деп атап өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған игі шараға үн қосқан ауыл жастары Байзақ ауданының Сарыкемер, Шу ауданының Төле би және Алғын ауылдық округтерінде еңбек ардагерлері, тыл, жалғызбасты қарттардың аулаларында суару, арықтарын тазалау, әктеу, қоршауларды сырлау жұмыстарын жасап, көмек қолдарын созды», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қордай ауданының тұрғындары да жеке аулаларын тазалап жатыр.

«Жуалы ауданының жастары «Шақпақ әулие» ескерткіші маңын, ардагерлер мен жастар аллеясын тазаласа, Меркі ауданында «Достық» паркі, Т.Рысқұлов ауылдық окруінде орталық саябақ қоқыстан тазарды. Мойынқұм ауданында «Тазалық кіреберістен басталады» тақырыбында Шу өзенінің адамдар аялдайтын орындарында тазалық акциясы өтті. Акция Жаңатас қаласында адамдар көп жүретін темір жол вокзалында, «Ақұбұлақ» демалыс аймағы мен көпқабатты тұрғын үйлердің маңында өтті. Жалпы, экологиялық акцияға 500-ге жуық адам қатысып, шашылып жатқан пластик қалдықтар мен қоқыстарды жинап, 100-ден астам қап қоқысты арнайы орынға апарып төкті», - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары