327
Алматыда жүк көлігі автобусқа соғылды
Өзі де зардап шеккен.
Оқиға бүгін түсте болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Хюндай Портер» жүк көлігінің жүргізушісі Жароков көшесінде келе жатып, рөлге ие бола алмай, алдымен «Тойота Лэнд Крузер» көлігіне, сосын жолаушылар автобусына соғылған.
«Хюндай Портер» жүргізушісі жарақат алып, медициналық көмек көрсетілді. Бостандық ауданының полиция қызметкерлері апат фактісін тергеуге кірісті»-деп хабарлады Алматы ПД.