«Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысына мониторинг жүргізіледі

«Жайлы мектеп» ауқымды жобасы іске асырылу үшін бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлінді.

«Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысына мониторинг жүргізіледі
Оқу-ағарту министрлігі
301

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының орынды жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен кездесу өткізді.

ҚМА Төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің Жолдауында орта білім беру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақты оқыту мен жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті.

Бұл міндетті орындау үшін «Жайлы мектеп» ауқымды жобасы іске асырылуда, бұл мақсатқа 2,3 трлн теңге бөлінді. Заманауи талаптарға сай 369 мектеп салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Агенттікпен жүргізілген мониторинг барысында мектеп салу кезінде артық шығындардың алдын алу фактілері бар.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов жобаның іске асырылу мәртебесі, оны цифрландыру кезеңдері және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Серіктес жаңалықтары