Қарағандыдағы 6 көлік соғысқан апатқа белгілі бизнесмен себепкер болған

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағандыдағы 6 көлік соғысқан апатқа белгілі бизнесмен себепкер болған
видеодан скриншот
Автор
Админ
17443

Кеше Қарағандыда 6 автокөлік қақтығысып, бір адам қаза тапқан еді. Сол апатқа белгілі бизнесмен себепкер болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол талғамайтын көлік рөлінде болған қазақстандық ірі кәсіпкер, «Қазгидромаш» басшысы Сергей Камаев алдында келе жатқан көлікке, одан кейін тағы бірнеше көлікке соғылған.

Кәсіпкердің өзі апаттың автокөлік ақауынан болғанын айтады.

Жол көлік апатында «Ниссан» көлігінің 40жастағы жүргізушісі қаза тапты. Қасында жүкті келіншегі болған. Ол ауруханаға жеткізілген.

 

Серіктес жаңалықтары