210
Оралда полиция үш күнде 40-қа жуық жол ережесін бұзған көлік жүргізушісін ұстады
Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге
Батыс Қазақстан облысы аумағында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында SuncarSmartQorgau жүйесі кеңінен қолданылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл құрылғының көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды.
Ол үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге. Көлік арнайы автотұраққа қойылды, — деп жазды ІІМ.
Тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және өзге де жол ережесін бұзу фактілері анықталды.