"Кез келген уақытта магнит дауылын тудыруы мүмкін": Күн бетінде жүрек пішіндес алып дақ пайда болды

Бұған дейін мұндай құбылыс 2016 жылғы көктемде болған.

"Кез келген уақытта магнит дауылын тудыруы мүмкін": Күн бетінде жүрек пішіндес алып дақ пайда болды
сурет: kp.ru
370

Күн бетінде Жер көлеміндей қара жүрек пайда болды. Фотосуретте бұл жүрек қара түсті болып көрінгенімен, шын мәнінде ол жарық шашады, деп жазды kp.ru.

Мұндай дақ кез келген сәтте күшті жарылысқа әкелуі мүмкін, бұл Жерде магниттік дауыл тудыруы ықтимал.

Бір қызығы, бұл дақ жүрек пішініне осымен екінші рет келіп отыр. Бұған дейін мұндай құбылыс 2016 жылғы көктемде болған. 

Күн дақтары  магнит өрісінің жоғарылауы байқалатын аймақтар.

 

Серіктес жаңалықтары