БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші көлік ішінде өртеніп кетті

Қайғылы жағдай кеше Бөрілі – Ақсай – Жымпиты тас жолында болған.

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші көлік ішінде өртеніп кетті
видеодан скриншот
1510

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше екі жеңіл көлік соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын-ала болжам бойынша Volkswagen Passat жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болып, қарсы жолға шығып, Subaru көлігімен соқтығысқан. Апаттан кейін Volkswagen отқа оранған. Көліктің рөлінде болған жүргізуші де өртеніп кетті.

Одан бөлек оқиға орнында Subaru салонында болған жолаушы қаза тапты. Subaru жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары