Астанадағы мешітте ер адам келушілерді пышақпен қорқытты (ВИДЕО)

Ер адам 2006 жылдан бері нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрған.

Астанадағы мешітте ер адам келушілерді пышақпен қорқытты (ВИДЕО)
instagram/kris.p.shym
456

Елордадағы мешіттердің бірінде белгісіз ер адам келушілерді пышақпен қорқытты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Сарыарқа ауданында орналасқан мешітте болған.

Видеода үсті қан адам пышақ ұстап, полиция қызметкерлеріне қарсыласқанын көруге болады. Ал қызметкерлер оны пышақты лақтыруды өтінген. 

Полицияның мәліметінше, кейін ер адам ұсталды.

Ол 2006 жылдан бері нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрған 36 жастағы ер адам болып шықты. Қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары