Шығыс Қазақстанда «Артемьевская» шахтасында кенші қаза тапты.
«KAZ Minerals» компаниясы шахтада жаңа апат болғанын хабарлады.
«1 қыркүйекке қараған түні «Артемьевская» шахтасында штырь құлап (жұмыс істеп тұрған шахтаның тау-кен контурының бетіндегі ашық терең жарықшақ) салдарынан мердігер компанияның кеншісі өмірге сәйкес келмейтін дене жарақатын алды», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.