Әнші Нұрлан Өнербаев анасына құрмет көрсетті

Нұрлан Өнербаев Түркістан қаласына арнайы сапармен барған.

Әнші Нұрлан Өнербаев анасына құрмет көрсетті
1184

Түркістан қаласына барған сапарында өнер адамына «Түркістан облысының құрметті азаматы» атағы табысталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол өзіне берілген бұл марапат анасының арқасы екенін атап өтті.

«Бүгін тәу етіп Тұранның ту тіккен бас қаласы Түркістанда болдық. Тағзым етіп, ата-бабаларымыздың табанының ізі қалған топырақты бастық. Ел алдына шығып, ел азаматтарының қолынан марапатқа ие болып, өңірге, "Түркістан облысына құрметті азамат" атандық. Тәубә! 45 жылдық әншілік ғұмырымда, өзіме берілген марапатты ресми түрде алып тұрғаным осы екен. Қанша жылғы еңбегімді туған өлкем жоғары бағалап жатқанына рахметтен басқа айтарым жоқ. Туған жерімнің қасиетін дәріптеп, әнін қалықтата беру менің үлкен мақсатым. Дегенмен мен жеткен жетістік, мен бөленген қошемтке отбасым, бірінші кезекте асыл анам лайықты. Өйткені маған сыйлықтың ең үлкенін, өмір силаған – аяулы анам!  Сондықтан қуанышымды алдымен анаммен бөлісіп, марапатымның белгісін анамның иығына іліп қойдым. Аяулы анашым, қуана бер, марқая бер, өмір тұрғанша тұра бер!», - деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары