342
Бір күнде 19 млн оқырман жинаған Роналду Гиннес рекордтар кітабына енді
Атақты футболшы Криштиану Роналду тағы да Гиннес рекордтар кітабына кірді.
Бұл жолы ол блогер ретінде рекорд жаңартқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
24 сағатта YouTube платформасында 19 729 827 мың адам жинаған. Дәл осы жетістігі Гиннес кітабына енген. Ал 6 күн ішінде оқырман саны 48 миллионға жеткен.
39 жастағы Роналду осымен 41-ші рет Гиннес рекордын жаңартып отыр.