Елордадағы Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады полиция департаменті.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.