«Арабтың қол-аяғын сүйеді»: Нұрлан имам маңызды мәселе көтерді
Нұрлан Байжігітұлы өзекті мәселенің бетін ашты.
Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы «Қасқа жол» подкастына берген сұхбатында арабтарға еліктеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Ата-бабаларымыздың күнделікті өмірі диалектімізге, сүйегімізге кіріп кеткен. «Әліпті таяқ деп танымайды» деген сөз де солардан келген. Бұл- біздің болмыс. Араб болып кеткен жоқ. Киімімен, шекпенімен, елді-жерді сақтап қалды. Ұлтқа, елге деген махаббат бір жерге жиналып тұрды. Дін руханияттанып тұрды. Бұрылып арабты сүй деген жоқ. Қазір кейбір жастар арабтардың қолын, аяғын сүйіп жүр. Еліңді сүй, жеріңді сүй, даланың жусанын сүй, сол артығырақ», - дейді Нұрлан имам.
Сондай-ақ Нұрлан Байжігітұлы қоғамда қара жамылған әйелдер туралы пікір білдірді.
«Біздің халыққа қара киінгендерді жүргізбек түгілі, құшақтап жатқызса да қабылдамаймыз. Мысалы, мен қазақтың азаматы ретінде қабылдамаймын. Қара киінуге қарсымын. Бірақ қара киіну – олардың қалауы шығар. Біз зайырлы мемлекетпіз, біз Ислам мемлекеті емеспіз», – деді ол.