389
Жас жігіт саунаға бірге барған танысының әмиянын ұрлап кеткен
Астаналық полицейлер саунада орын алған ұрлық ісін ашты.
53 жастағы азамат вокзалда 31 жастағы жігітпен танысып, әңгімелері жарасқан. Кейін жаңа танысын саунаға шақырған.
«Спирттік ішімдік ішкеннен кейін зардап шегуші ұйықтап қалған. Оның ұйықтаған сәтін күткен күдікті әмиянын ұрлап кеткен. Әмиянда 100 мың теңге болған»-деп хабарлады полиция.
31 жастағы күдікті анықталды. Ол әмияндағы ақшаны жұмсап жіберген.
Қылмыстық іс қозғалды.