Энергетикалық кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарымен танысты

«МАЭК» ЖШС – Маңғыстау облысын­да­ғы басты энергетикалық кәсіпорын. Ай­мақ  тұрғындарына электр, ауызсу және жылу­дың жетуі осы кәсіпорынның тұрақты жұ­мыс істеуіне тікелей байланысты. Сон­дық­тан жабдықтарды жөндеу, жаңғырту жә­не алдағы жылыту маусымына дайындық мә­селелері – Мәжіліс депутаттарының ерек­ше бақылауында.

Энергетикалық кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарымен танысты
сурет: amanatpartiasy.kz
191

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүше­сі Еділ Жаңбыршин «МАЭК» ұжымымен кездесіп, кәсіпорын­ды жаңғырту жұмыстарымен танысты.

«МАЭК» ЖШС – Маңғыстау облысын­да­ғы басты энергетикалық кәсіпорын. Ай­мақ  тұрғындарына электр, ауызсу және жылу­дың жетуі осы кәсіпорынның тұрақты жұ­мыс істеуіне тікелей байланысты. Сон­дық­тан жабдықтарды жөндеу, жаңғырту жә­не алдағы жылыту маусымына дайындық мә­селелері – Мәжіліс депутаттарының ерек­ше бақылауында.
Былтыр қазандық агрегаттары, резерв­тік қорғаныс және автоматика жүйелерін, сон­дай-ақ электр энергиясын басқару және есеп­ке алу,  автоматтандырылған жүйелерін жаң­ғырту жұмыстары басталып кеткен. Қа­зір ЖЭО-1-дегі №4 турбина мен №4 қа­зан­дығы және ЖЭО-2-дегі №11 қазан­дық­та­­­рына күрделі жөндеу жүргізіліп, қазан­дық қондырғыларын жөндеу жұмыстары жал­ғасып жатыр. Ал өңірдегі су тапшы­лы­ғын азайту үшін МАЭК аумағында тәулігіне 24 мың текше метр су өндіретін тұщылан­дыру қондырғыларын салу жоспарлануда.
Мәжілісмен Еділ Жаңбыршин Маңғыс­тау атом энергетикалық комбинатының ай­мақ үшін тұрақты жұмысының маңызды­лы­ғына тоқталып,  кәсіпорынды одан әрі да­мыту мен жаңғырту қажет екенін айтты.
– Инженерлік желілер мен тұрғын үй-ко­ммуналдық шаруашылық инфрақұ­ры­лы­­мының тозуы бүкіл ел бойынша ондаған жыл бойы жинақталған мәселе. Бүгін де шұ­ғыл әрекеттерді талап етеді. Жарық, су, жылу барлық жерде қолжетімді болуға тиіс. Бұл мәселелерді жүйелі шешуді «AMANAT» пар­тиясының сайлауалды бағдарламасын орындау аясында жүзеге асырып жатырмыз. Биыл жазда Ақтау тұрғындары бірнеше күн сусыз қалды, тіпті кейбіреулерінде бір апта, ал жекелеген үйлерде бір айға жуық су бол­мады. Мұндай жағдайларды болдырмау керек. Алдағы уақытта ағымдағы және күр­делі жөндеулермен бірге зауыттың то­лық қуатын іске асыру үшін жаңғырту жұ­­мыстарын жүргізу қажет. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Бұл үлкен қа­ражатты талап етеді, әр блокқа шамамен ке­мінде 15 миллиард теңге қажет, – деді де­путат.
«МАЭК» ЖШС бас директоры Кинис Ура­ков бюджет қаражатын игеру мерзім­де­рін заңнамалық деңгейде қайта қарау қа­жет­тігін айтты.
– Турбина, қазандық, генераторлар сияқ­ты жабдықтардың көпшілігі шетелде шы­ғарылады. Логистиканы айтпағанда, олар­дың өндіріс мерзімі 8 айға дейін созы­ла­ды. Сол себепті бізге 3,6 млрд теңгені мем­­­­лекетке қайтаруға тура келді. Сондай-ақ, мердігерлерді әкімдік тендері арқылы емес, тікелей өзіміз жалдай алатындай тен­дерлерді өткізу туралы норманы қайта қа­рауды ұсынамыз, – деді ол.
Еділ Жаңбыршин бұл ұсыныстар Мә­жілістің тиісті комитетінде Үкіметпен бір­­­­ле­се отырып жан-жақты зерделенетінін айт­ты.
– Біз, «AMANAT» партиясының өкілдері, кә­сіп­орынның жұмысын тексеріп, қандай кө­мек көрсетуге болатынын, заңдарға қан­дай өзгерістер енгізу керектігі және қан­ша­лықты қаржыландыруды қажет ететінін анық­таймыз. Мәселен, Үкіметтен бөлінетін қар­жы тек бір жылға ғана арналған, оны иге­ріп үлгермейді және қаражат қайтадан қай­тарылады. Өткен жылы қаражаттың едә­уір бөлігі қайтарылды. Сондықтан қар­жыны игеру мерзімін ұзарту қажет, – деді Мәжіліс депутаты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет бас­шысы саладағы «көлеңкелі» схемаларды ретке келтіруге және жоюға бағытталған «Жылу энергетикасы туралы» заңға қол қой­ған болатын. Онда тариф белгілеу қағи­дат­тарын айқындау, елді мекендерді жылу­мен жабдықтау жүйелерін жетілдіру схе­ма­ларын енгізу, нысандарды жылыту мау­сы­мына тиісті дайындық жасамағаны үшін айып­пұл салу, мемлекеттік бақылау функ­цияларын күшейту және тағы да басқа көп­теген шара қамтылған.

Серіктес жаңалықтары