Газ өңдеу зауытының директоры ұсталды

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС басшысы жемқорлық күдігіне ілінді.

Газ өңдеу зауытының директоры ұсталды
istockphoto.com
Автор
Админ
644

Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Оған аукцион өткізбей, аса ірі мөлшердегі кәсіпорын мүлкін заңсыз сатты деген айып тағылып отыр. Келген шығын 65 млн теңге. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары