Ағзада су жетіспейтінін қалай білуге болады?

Ағзадағы зат алмасу процесі жақсы жүру үшін 1 кг салмаққа 30 мл су ішу керек. Сонда 66 кг салмақтағы адам күніне 2 литр су ішуі тиіс.

Ағзада су жетіспейтінін қалай білуге болады?
Автор
Админ
668

Бірақ бәріміз бірдей бұл талапты орындай бермейміз. Ағзада су жетіспейтінін қалай білуге болады? Белгілеріне назар салыңыз.

Шаршаңқылық. Миға су жетіспесе адамның күш-қуаты азайып, тез шаршап, ұйқысырап жүреді. Суды жеткілікті мөлшерде ішпесеңіз еңбек өнімділігіңіз төмендейді.

Бас ауруы. Ағзаға су жетіспеген кезде бас жиі ауырады. Қатты еңкейгенде, оқыс қимылдағанда басыңыз ауырса су жетіспегенінің белгісі.

Қарын ашу. Тойып тамақ ішкеннен кейін бірер сағат өтер-өтпесте тағы тамақ ішкіңіз келсе, демек ағзаңызға су жетіспейді.

Іш қату. Жеткілікті су ішпегеннен кейін ағзадағы зат алмасу процесі баяулап, іш қатады. Үлкен дәретке күшпен баратын боласыз.

Несеп түсі. Егер ағзаға су жетіспесе бүйрек көп токсин бөледі. Нәтижесінде несеп күңгірт тартады.

Су жетіспегенде ағзаға ылғал жетіспейді, тері құрғайды, өзіңізді жайсыз сезінесіз, шаршап-шалдығып жүресіз. Су дефицитінің орнын ағза тәтті әрі майлы тамақпен толтыруға тырысады.

Су сіз жеген тамақты тез қорытуға да көмектеседі, нормондардың бөлінуіне ықпал етеді, дәрумендер мен микроэлементтерді, минералдарды ағзаға жақсы сіңіреді, ішектен токсиндерді шығарады. Суды көбірек ішсеңіз артық салмақ та қоспайсыз.

Серіктес жаңалықтары