"Өртеніп кетуі мүмкін": BMW 720 мыңнан астам көлікті кері қайтарып алады

Көлік иелеріне кері қайтару туралы хабарлама қазан айында жіберіледі деп күтілуде.

"Өртеніп кетуі мүмкін": BMW 720 мыңнан астам көлікті кері қайтарып алады
сурет: istockphoto.com
460

BMW компаниясы су сорғысының электр қосқышындағы ақауға байланысты 720 000-нан астам көлікті кері қайтарып жатыр. Бұл ақау өрт қаупін тудыруы мүмкін, деп жазды euronews.com.

Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының (NHTSA) мәліметінше, X1, X3 және X5 модельдерінің кейбірі, сондай-ақ басқа да бірнеше көлік модельдері кері қайтарылады.

NHTSA есебіне сәйкес, ақауға ұшыраған көліктердің су сорғылары дұрыс герметизацияланбаған, сондықтан уақыт өте келе электрлік қосқышқа сұйықтық енуі мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға, ал сирек жағдайларда өртке апарып соғуы ықтимал.

Су сорғылары мен қосқыштар тексеріліп, қажет болған жағдайда ауыстырылады. Сонымен қатар, сорғыға картерді желдету жүйесінің ауа қабылдағышынан сұйықтық түспеуі үшін арнайы қорғаныс қондырғысы орнатылады.

Көлік иелеріне кері қайтару туралы хабарлама қазан айында жіберіледі деп күтілуде. Оларға көліктерін BMW-нің ресми орталығына апару ұсынылады, онда қажетті жөндеу жұмыстары тегін жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары