"Риясыз жақсы көрген жалғыз тіршілік иелері": Ален Делон 50-ге жуық итінің жанына жерленеді

Делонның резиденциясында шамамен 50 ит мәңгілік тыныштық тапқан, әрбірінің өз есімі мен құлпытасы бар.

"Риясыз жақсы көрген жалғыз тіршілік иелері": Ален Делон 50-ге жуық итінің жанына жерленеді
сурет: Michel Ginfray
748

Француз актері Ален Делон 50-ге жуық итінің жанына жерленеді, мұны ол көзі тірісінде өсиет еткен, деп жазды decripto.org.

Француз киносының аңызы Ален Делон 88 жасында өмірден өтті. 

Ален Делон өзінің иттерге деген ықыласын ешқашан жасырмаған, тіпті өзін Душидегі резиденциясында иттерімен бірге жерлегенін қалайтынын айтқан еді. Өйткені иттері өзін шынайы әрі шартсыз жақсы көрген жалғыз тіршілік иелері екенін айтқан.

«Менің бар өмірім сол жерде, иттерімнің қабірлерінде», – деп айтқан ол бір сұхбатында.

Делонның резиденциясында шамамен 50 ит мәңгілік тыныштық тапқан, әрбірінің өз есімі мен құлпытасы бар. 

Серіктес жаңалықтары