«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.

«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады
istockphoto.com
250

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Сол себепті жолда түрлі қиын жағдайлар туындап, жауын жауып, қатты жел болуы мүмкін, дейді «ҚазАвтоЖол» өкілдері. 

«Республикалық жолдарда барлық жүргізушілерді жолда мұқият болуларыңызды сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстап, аяқ асты маневрларды жасамаңыздар. Рөлде мұқият болыңыз. Егер де жолда көмек қажет болса, 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласыңыз. Ақпараттық экрандағы хабарламаларға жиі назар аударыңыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары