896
«Дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр»: 6 айдан астам уақыт комада жатқан сарбаз ауруханадан шығарылды
Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған
Алты айдан астам уақыт комада жатқан ұлттық ұлан сарбазы ұлттық нейрохирургия орталығынан үйіне шығарылды, деп жазады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған.
Дәрігерлер Ербаян Мұхтардың жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады. Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.
Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр.
Онымен қоса Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы қауырт екенін дәлелдей алмай отыр.