Өртеніп жатқан пәтерге кіріп, қызды құтқарған тұрғынға 2 млн теңге берілді

Астан қаласның әкімі қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылғаны үшін қала тұрғынына ақшалай сыйақы табыстады.

Өртеніп жатқан пәтерге кіріп, қызды құтқарған тұрғынға 2 млн теңге берілді
Астана әкімдігі
388

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өртеніп жатқан пәтерден жасөспірім қызды құтқарып қалған ер адамды марапаттады. Бұл туралы қала басшысы Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездестім. Ер адам тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында болған өрттен қыз баланы құтқарып қалды.

Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген. Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таң қалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық!  Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Еске салсақ, 12 тамыз күні Астанада ер адам өртеніп жатқан көпқабатты пәтердің терезесінен ішке кіріп, 15 жастағы қызды құтқарып қалған еді.

 

Серіктес жаңалықтары