«Орденін арақ құйған ыдысқа салады»: Белгілі ақын медалін тістеп суретке түсетіндерді сынға алды

Жазба авторы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиадасының алтынын тісеп тұрған боксшы Данияр Елеусіновты мысалға алған.

«Орденін арақ құйған ыдысқа салады»: Белгілі ақын медалін тістеп суретке түсетіндерді сынға алды
663

Ақын, жазушы, драматург, Қазақстанның құрметті журналисі Ақылбек Шаяхметов медалін тістеп суретке түсетін спортшылардың тазалыққа немқұрайды қарайтынын айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Алған медалін аузына салып тістейтіндер де, алған орденін арақ құйған ыдысқа салып, соны ішетіндер де тазалықтың не екенін біле ме екен?», - деп жазды ақын әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол жазбасына Данияр Елеусіновтың суретін бекіткен.

Серіктес жаңалықтары