Әнші Балжан Бидаш жақсы жаңалығын мәлім етті

Сондай-ақ өнер иесі жеке өмірі жайлы тарған қауесетке нүкте қойды.

Әнші Балжан Бидаш жақсы жаңалығын мәлім етті
Instagram
1353

Белгілі әнші Балжан Бидаш шығармашылығына қатысты жағымды жаңалығын бөлісті.

Өнер иесі жақында «Dos bala» деп аталатын жаңа туындысы жарыққа шығатынын жазып, тыңдармандарынан сүйінші сұрады. 

«Сәлем, қалайсыздар? Бірінші әңгімені осындай әдемі суретпен бастайын. Мендегі жаңалық - жақында «Дос бала» әні жарыққа шығады», - деп жазды ол. 

Кейін әнші мұрағаттан бұрынғы видеосын жариялап, жеке өмірі жайлы тарған қауесетке нүкте қойды.

 «Осы видео интернетті шулатып жатыр екен. «Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді» дей ме? Ұсыныс жасаса, өзім айтамын сіздерге, анау-мынау әңгімелерге сене бермеңіздер!», - деп жазды Балжан Бидаш. 

Серіктес жаңалықтары