Ташкентте Халықаралық түрік әлемі коммуникация және өнер симпозиумы өтеді

Ташкентте Халықаралық түрік әлемі коммуникация және өнер симпозиумы өтеді
www.gov.kz
Автор
Админ
464

Өзбекстан Бұқаралық коммуникациялар университеті, Өзбекстан мемлекеттік өркениет және бейнелеу өнері институты, Өзбекстан Журналистер одағы, Нигде Өмер Халисдемир университеті және Түрік әлемі журналистер федерациясы ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отырған «IV Халықаралық Түрік әлемі коммуникация және өнер симпозиумы» атты халықаралық ақпараттық білім жиынына коммуникация және өнердің барлық саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін мамандар мен ғалымдар қатыса алады.

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, Түрік ынтымақтастығы және үйлестіру агенттігі (ТИКА), Шетелдегі түркілер және туысқан қауымдастықтар төрағасы (YTB) және Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) тікелей қолдауымен ұйымдастырылып жатқан «IV Халықаралық Түрік әлемі коммуникация және өнер симпозиум» 2024 жылдың 22-26 қазан күндері аралығында Өзбекстанның астанасы Ташкентте өтеді. Өзбекстан Бұқаралық коммуникациялар университеті, Өзбекстан мемлекеттік өркениет және бейнелеу өнері институты, Өзбекстан Журналистер одағы, Нигде Өмер Халисдемир университеті және Түрік әлемі журналистер федерациясы ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отырған бұл шара коммуникация және өнердің барлық саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін мамандар мен ғалымдарды бір араға тоғыстыру мақсатында жүргізіліп отыр.  

«IV Халықаралық Түрік әлемі коммуникация және өнер симпозиумы» барысында Түрік әлемі журналистер федерациясы жыл сайын ұйымдастыратын және биыл 9-шы рет өткізілетін Түрік әлемі деректі фильмдер фестивалінде де деректі фильм көрсетілімдері өтеді. 2019 жылы «Халықаралық Түрік әлемі баспасөз симпозиумы» деген атпен басталған және Амасия университеті ұйымдастырған екінші симпозиум Нигде Өмер Халисдемир университетінің ұйымдастыруымен кеңейтіліп, атауы «Халықаралық Түрік әлемі коммуникация және өнер симпозиумы» болып өзгертілді. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын коммуникация мен өнердің барлық салаларын қамтитындай етіп жүзеге асырылды. Симпозиумның үшіншісі Әзірбайжанның астанасы Бакуде Әзірбайжан мемлекеттік экономика университеті, Әзірбайжан мемлекеттік өркениет және бейнелеу өнері университеті және Әзірбайжан Баку мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өтті.  

«IV Халықаралық Түрік әлемі коммуникация және өнер симпозиумы»  Әзірбайжан Баку мемлекеттік университеті, Әзірбайжан мемлекеттік өркениет және бейнелеу өнері университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясы, Қырғыз-Түркия «Манас» университеті, Өзбекстан Ұлылары ұлттық өнер академиясы, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникация университеті, Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Карабүк университеті, Бозок университеті, Селчук университеті, Гүмүшхане университеті, Солтүстік Корея Таяу Шығыс университеті, Фон Еуропалық Америка университеті, Әзірбайжан Мақсатты оқу орындары, Әзірбайжан Баспасөз кеңесі, Әзірбайжан түрік ошақтары, Түрік әлемі мәдениет өнері және Кино қоры, Кино және өнер қоры, Нигде журналистер мен жазушылар қауымдастығының тікелей қолдауымен ұйымдастырлып отыр. 

Мақсаты – коммуникация және өнер саласындағы академиялық мәселелерді талқылау, өзара тәжірибе алмасу, ортақ зерттеу әдістерін жасау, өзекті мәселелерді ашу, ғылыми зерттеулердің келешек перспективаларын анықтау және болашақта түркі әлемінде бірлескен жобаларға негіз дайындау.  

Түрік әлемі контекстінде коммуникация және өнер саласындағы барлық тақырыптарда баяндамалар қабылданатын симпозиумның тақырып бойынша өнер адамдары, академиктер мен ғалымдардың басын қосуы, білікті білім мен ғылымның қалыптасуына үлес қосуы күтілуде.  

Нигде Өмер Халисдемир университетінің коммуникация факультеті ұйымдастыратын симпозиумға қатысушылар түрік, ағылшын немесе орыс тілдерінде  жазылған мақалалармен өтініш бере алады және симпозиум соңында жиналған  ғылыми деректер 2024 жылдың желтоқсанында электронды кітап ретінде шығарылады.  

Симпозиумға қатысқысы келетін ғалымдар үш  тілде: түрік, ағылшын және орыс тілдерінде жарияланған www.tdiletisimvesanatsempozyumu.com симпозиум желісінің парақшасынан симпозиум туралы толық ақпаратты ала алады.  

«IV Халықаралық Түрік әлемі коммуникация және өнер симпозиумы» коммуникация және өнер әлеміне қатысты көптеген мәселелерге жол көрсетуді және жаңа қадамдар жасауды мақсат етеді. Өткен жылдардағыдай Түркі әлемінің әртүрлі аймақтарынан көптеген ғалымдар, өнер қайраткерлері және академиктер қызығушылық танытып, қатысады деп күтілуде. 

 

 

Серіктес жаңалықтары