Айтбек Амангелді тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысатын қорын тіркей алмай жүр

Жауапты органдар марқұм Салтанат Амангелдінің ағасы Айтбек Амангелдінің қорын тіркеуден 5 рет бас тартқан.

Айтбек Амангелді тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысатын қорын тіркей алмай жүр
Ашық дереккөз
Автор
Админ
451

«Қор жарғысындағы №9 тармақтың не нәрсеге кедергі болып тұрғанын түсінбеймін. Осы тармақты алып тастап, алтыншы рет тіркеуге өтінім бердім, Тағы бес күн күту керек»-деп жазды ол.

Жарғының тоғызыншы тармағында: «ҚР қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған, қордың жарғылық мақсаттарына сай келетін басқа қызмет түрлері»-деген сөйлем болған. Осы сөйлемге бола қор тіркелмеген.

 Сондай-ақ Астана қаласының Әділет департаментінің бұйрығына сәйкес қордың меншік иесі болмаған. Бас тарту себебінің бірі – осы.

Айтбек Амангелді мамыр айында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін қор құратынын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары