"Трамп, Илон Маск, Жоан Роулинг": Алжирлік Олимпиада чемпионы өзіне қысым көрсеткен танымал тұлғаларды сотқа берді

Variety басылымының мәліметінше Халиф француз билігіне шағым түсірген.

"Трамп, Илон Маск, Жоан Роулинг": Алжирлік Олимпиада чемпионы өзіне қысым көрсеткен танымал тұлғаларды сотқа берді
коллаж: turkystan.kz
840

Олимпиада чемпионы, алжирлік боксшы Иман Хелиф Жоан Роулинг пен Илон Маскты кибербуллинг жасады деп айыптап, сотқа арыз берді, деп жазды euronews.com. 

Variety басылымының мәліметінше, 25 жастағы Хелиф 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындары кезінде онлайн қудалауға ұшырағанын айтып, француз билігіне шағым түсірген.

Париждегі интернет-өшпенділікке қарсы орталыққа 9 тамыз күні берілген шағымда Роулинг пен Масктың аты аталғанын Хелифтің мүддесін қорғаушы адвокат Набиль Буди растады.

"Бұл шағымда Жоан Роулинг пен Илон Маск сияқты тұлғалар аталған", - деді Буди, және Дональд Трамптың да тергеуге қатысы бар екенін қосты. "Трамп твит жазған, сондықтан ол біздің шағымда аталған не атамағанына қарамастан, сот процесінде міндетті түрде қаралады". Егер прокуратура бұл заң бойынша айып тағатын болса, сотталушылар екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, ондаған мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін.

Хелифтің сөзінше, ол Олимпиада кезінде жалған ақпарат пен қорлаулардың нысанасына айналған.

Хелиф италиялық Анжела Каринимен өткен жекпе-жектен кейін сыншылардың нысанасына түсіп, оның Олимпиада ойындарында әйелдер боксында өнер көрсету құқығына қатысты онлайн шабуылдарға ұшыраған болатын.

Көптеген адамдар Хелифті ер адам деп айыптады, дегенмен ол әйел боп туған, төлқұжатында "әйел" деп көрсетілген және ешқашан трансгендер ретінде өзін танытпаған.

Халықаралық Олимпиада комитеті Хелифтің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға жарамдылығын бірнеше рет растады.

Жоан Роулинг Хелифті бірнеше рет сынға алып, оны «жақында ғана басынан ұрған әйелдің азабын көруден ләззат алып жатыр» деп айыптады.

Миллиардер Илон Маск жүзуші Райли Гейнстің «ер адамдардың әйелдер спортында орны жоқ» деген мәлімдемесіне "Абсолютті түрде" деп жауап қайтарды. Интернеттегі жеккөрушілік толқынына қарамастан, Хелиф 66 кг салмақ дәрежесіндегі әйелдер финалында алтын медаль жеңіп алып, ширек финалда венгриялық Анна Лукка Хамориді жеңгеннен кейін: «Мен бүкіл әлемге әйел екенімді және әйел болып қалатынымды айтқым келеді», - деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары