509
Астанадағы ауруханада 13 жастағы бала көз жұмды
Полиция бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Астананың №2 қалалық балалар ауруханасында хирургтар 13 жастағы жасөспірімнің мұрнындағы полипті алу үшін операция жасаған. Бір үйдің жалғыз баласы ота жасау кезінде көз жұмды. Полиция бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Баланың қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген полиция түсініктемесінде.
Айта кетейік, дәрігерлер балаға қатерлі гипертермия деген диагноз қойған. Ата-анасына бұл 20-30 мың адамның ішінде бір кездесетін сирек сырқат деп түсіндірген. Алайда, көз жұмған баланың әке-шешесі дәрігерлердің сөзіне сенбейді. Олар кінәлі болса, жазасын тартсын деп отыр.