«Мырзағали Айтжанов қиянат жасады. Оның бұл шешімі – кешірімсіз»: Амалбек Тшанов бас бапкердің екі қателігін баса айтты

«Бас жаттықтырушыны идол қылуды тоқтату керек. Бізде бас жаттықтырушы бәріне еге».

«Мырзағали Айтжанов қиянат жасады. Оның бұл шешімі – кешірімсіз»: Амалбек Тшанов бас бапкердің екі қателігін баса айтты
ашық дереккөз
Автор
Админ
1279

Мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов ASSYLTAS TV  арнасына берген сұхбатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың екі қателігін басып айтты.

«Мен бокста жас кезімнен жүрген адаммын. Қазақстан құрама командасында ойнадым. Бокстан КСРО  спорт шеберімін. Шымкентте федерация басқардым. Бокстың не екенін, не кемшілік, не артықшылық бар екенін білемін. Осы жерде екі жағдайда бас бапкер Мырзағали Айтжановтың толығымен кінәсі бар. Мен оны толығымен айта аламын. Біздің 51 келідегі Махмұтты 57-ге өткізіп қойды. 57-дегі Сәкенді 51-ге алып келді. Сәкеннің бойы ұзын. Оны керісінше 57-де ұстау керек еді. Ал Махмұт 51 келіде өзбекті де жеңетін еді. Ол бала ерекше. Кезінде оны Ташкентте өткен әлем чемпионатында әбден мақтамадық па? Біздің Ломаченко деп. Ол бала одан ештеңе жоғалтқан жоқ. Сол күйі қалды. Бірақ Мырзағалидың бұл шешімі – кешірімсіз нәрсе. Тікелей қиянат жасады», – дейді Амалбек Қозыбақұлы.

Амалбек Тшанов бас бапкердің екінші қателігі Нұрбек Оралбайдың украин боксшысы Александр Хижнякқа қарсы финалдық кездесуінде байқалғанын айтады.

«Украина боксы өте агрессивті, оның стилін біздің жаттықтырушылар жақсы біледі? Неге әу бастан солай дайындамады? Бокста ең қажет ол – аяқ. Қорғана да білесіз. Жұдырық жібермейсіз. Мұны көріп тұрып әу бастан солай дайындау керек. Біледі ғой, қай салмақта кім шығатынын. «Ең үлкен қарсыласың сол жігіт болуы мүмкін. Оның стилі былай. Сен былай істейсің» деп айтуың керек еді. Тіпті сол жердің өзінде де ешқандай өзгеріс жасаған жоқ. Өзі жеңілді. Біздің бала барлық жағынан басым. Физикалық, жұдырықтасу жағынан да. Бірақ тактикалық жағынан жеңілді. Соның бәрін айтатын жаттықтырушы емес пе?», – дейді ол.

Сондай-ақ ол бас бапкерге бүкіл билікті беруді доғару керек екенін тілге тиек етті.

«Бас жаттықтырушыны идол қылуды тоқтату керек. Бізде бас жаттықтырушы бәріне еге. Төрешілерге де сол еге. Бір өзі шеше береді. Боксшылардан кімді алады, кімді алмайды. Оның қасына жолай алмайсың. Осының бәрін тоқтату керек. Бір адамға бас иіп, соған билікті беруді тоқтату керек. Сараптама жасайтын боксшылар көп қой, бұрынғы жаттықтырушылар да бар. Мысалы, Тұрсын Еділов. Ең алғаш Олимпиада медалін алып келген жігіт. Неге Мырзағали оны қасына шақырмайды? Неге кеңесші болмайды, сол секілді 3-4 жігіт қасында болмайды? Болғысы келемейді, себебі ештеңені бөліскісі келмейді. Бәрі дүниенің айналасындағы әңгіме. Мен оның солай екенін 100 пайыз білемін. Білемін ғой, колледжде жұмыс істеп жүрген кезде. Сондықтан біз мұның бәрін қоямыз, сол кезде ретке келеді. Бұрыннан майшелпек жеп қалғандардың бәрін жұмыстан қуу керек. Түкке керегі жоқ. Бітті, олар аларын алды, ішерін ішіп, жейтінін жеп, оларды шығарып салу керек», – дейді сөз соңында.

Серіктес жаңалықтары