Солтүстік Қазақстан облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 78 жастағы зейнеткер өлі күйінде табылды.
Зейнеткерді іздеу жұмысына полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігі мен еріктілер қатысты.
Іздеу барысында полиция қызметкерлері 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Явленка және Жаңалық ауылдары арасындағы шабындықтан шығып кеткен 78 жастағы ер адамның денесін тапты. Оқиға туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.