Бүгін – Абай күні

Биыл ұлы ақын, ойшыл және философ Абай Құнанбаевтың туғанына 179 жыл толады

Бүгін – Абай күні
altaynews.kz
830

Бүгін – Абай күні. 2020 жылдан бері 10 тамыз «Абай күні» деген атпен мерекелік дата ретінде аталып өтіп жүр.

Биыл ұлы ақын, ойшыл және философ Абай Құнанбаевтың туғанына 179 жыл толады.

Ақынның азан шақырып қойған аты – Ибраһим. 1845 жылы қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Қарауыл ауылында дүниеге келген.

2020 жылы ұлы ойшылдың 175 жылдығы қарсаңында Қазақстанда жаңа мереке – Абай Күні бекітілді. Мерекеге орай демалыс күні берілмейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың елдің дамуына зор үлес қосқанын атап өткен болатын.

"Ұлы ақын ұлтты біріктіруге және әділ қоғам құруға шақырды. Біз ұсынатын "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы оның көзқарастарының жалғасы болып табылады. Мемлекет пен азаматтардың проблемаларды бірлесіп талқылауы - өркениетті қоғамның белгісі. Мұндай пікір алмасу қоғамның үкіметке деген сенімін арттырады және тұрақтылықты нығайтады. Ұлы Абай билік пен халықты біріктіретін осы идеяның бастауында тұр деп айтуға болады", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Республика бойынша 31 елдімекен, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ойшыл ақынның есімімен аталады.

Серіктес жаңалықтары