«Немере баласы боламын»: Елдос Сметов алғашқы бапкеріне көлік сыйлады

Елдос Сметов аудан әкімінен сыйға алған алған көлігін ізгілік танытып, оны алғашқы бапкеріне табыстады.

«Немере баласы боламын»: Елдос Сметов алғашқы бапкеріне көлік сыйлады
instagram/okq_zhambyl
539

Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовке Т. Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов көлік сыйлады.

Елдос Сметов туған жері Тұрар Рысқұлов ауданына барды. Құландықтар чемпионды Құлан қақпасынан зор құрметпен қарсы алды.

Ізгілік танытқан Олимпиада чемпионы көліктің кілтін алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға табыстады.

«Спортқа қызығушылымды оятқан, осы спортқа деген махаббатымды оятқан – менің атам. Мен ол кісінің немере баласы боламын, сондықтан да атамды алдыға шығарып, баршаларыңызбен таныстырғым келіп отыр. Ол менің алғашқы бапкерім – Ахмет Жұмағұл деген кісі», - деді Елдос Сметов.

Серіктес жаңалықтары