Астанада жүк тиелген көлік LRT бағанына соғылды

Оқиға салдарынан жол жиегінде келе жатқан үш жаяу жүргінші зардап шекті.

Астанада жүк тиелген көлік LRT бағанына соғылды
скриншот
423

Астанада оқиға куәгерлері құлаған LRT құрылымының астында зақымдалған жүк көлігін видеоға түсіріп алған. Оқиғаға қатысты полицейлер түсініктеме берді.

Астана полициясының ақпаратынша, арнайы техника тиелген SHACMAN тралының жүргізушісі Қабанбай батыр мен Ұлы дала қиылысынан өтіп бара жатып, көлемін ескермей LRT құрылымына соғылған.

«Оқиға салдарынан жол жиегінде келе жатқан үш жаяу жүргінші зардап шекті, бұл факт бойынша барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары