Сәкен Бибосыновты жарыс жолынан тайдырған Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Хасанбой Дусматов Париж Олимпиадасының финалында жеңіске жетті.

Сәкен Бибосыновты жарыс жолынан тайдырған Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды
Olympic.uz
884

Боксшы Хасанбой Дусматов Өзбекстан тарихында бокстан тұңғыш екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

Ол Париж Олимпиадасының финалында шаршы алаң иесі, француз боксшысы Билал Беннамнан басым түсті.

Бірнеше сағат бұрын тағы бір өзбек атлеті Улугбек Рашитов тхэквондодан екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған болатын.

Осылайша Өзбекстан қоржынында 3 алтын жүлде бар. Олардың 4 боксшысы финалда алтын жүлде үшін таласқа түседі. Әрі ауыр атлетикада басты фаворит саналатын өзбек атлеті жарысқа араласады. Сонымен қатар тхэквондодан әлем чемпионы Светлана Осипова да алтын жүлде алатын үміткерлердің қатарында.

Серіктес жаңалықтары