Елордада Тәжікстаннан жеткізілген өнімдердің жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкенің негізгі сахнасында Тәжікстан мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Астанада 10 және 11 тамыз күндері Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, халық қолөнері және ұлттық тағамдары өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Жәрмеңкеде жаңадан піскен жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, дәмдеуіш және т.б. бар. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер бұйымдарын – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдар, қолдан жасалған кілемдер, кәдесыйлар сатып алуға болады.
Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары сол сияқты жаңа өнімдер, кәдесыйлар мен қолдан жасалған бұйымдар, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып ала алады.
Жәрмеңкенің негізгі сахнасында Тәжікстан мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Жәрмеңке «Барыс-Арена» спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамыз сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, 11 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.