633
«Менің де жұбайым сәби сыйласа кеш емес»: Сәкен Майғазиев Баян Мақсатқызын құттықтады
Әнші Сәкен Майғазиев сәби сүйгісі келетінін айтып қалды.
Әлеуметтік желіде танымал продюссерді құттықтаған Сәкен Майғазиев сәбилі болғысы келетінін жасырмады, деп жазды turkystan.kz.
«Баян Мақсатқызы 50 жас (ой, 18 жас) мерейтойын тойлағанда бата көкпар бергендей бәріміз жақсы тілек жаудырып едік. Балапанның бауы берік болсын! Ақылды, білімді, саналы, өнерлі болып өссін. Тұрсын мырза мен Баян ханымды құттықтаймыз! Алла қалап, менің де жүрегімнің ішіндегі жүрегім маған бір Елубай сыйласа кеш емес екен ғой деп қалдым», -деп жазды әнші.