Алғашқы айналымда құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты.
Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп жазды turkystan.kz.
Плей-офф кезеңінде Маймұратов ОАР өкілі Джошуа Брюнсті жеңді.
Әмірдің нәтижесі – 4.94, Брюнстің көрсеткіші – 5.84.
Осылайша, Маймұратов ширек финалға өтті. Ширек финал бәсекесі 8 тамызда өтеді.