«Еліме алтын сыйлағым келді»: Сәкен Бибосынов Олимпиададағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Боксшы өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Еліме алтын сыйлағым келді»: Сәкен Бибосынов Олимпиададағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді
Қазақстан бокс федерациясы
893

Париж Олимпиадасында бокстан 51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов жеңілісіне қатысты әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Арман…. Мақсат… Жеңіс… Токио Олимпиадасында қола медаль алғанымда, Париж Олимпиадасында қайтсемде алтын алып, мақсатыма жетемін деп ойладым, сол үшін осында келдім. Осы Олимпиаданы асыға күттім. Еліме алтын сыйлағым келді. Көк туымызды көкте қалықтағанын, әнұранымыздың шырқалғанын қаладым. Бәрі сіз бен мен ойлағандай болмады. Шаршы алаңға шыққан спортшының бағы мен бабы келісіп қатар шабуы керек екен. Бабымда болдым деп ойлаймын. Кішкене сәттілік жетіспей, бағым жанбай қалған сияқты. Дегенмен, Аллаға сансыз шүкір, тағдырыма қазақтың намысын қорғау бақыты жазылған екен. Мені жеңісте де, жеңілісте де қолдаған жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Жылы лебіздеріңіз үшін рахмет», деп жазды Сәкен Бибосынов. 

 

Серіктес жаңалықтары