570
Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шыққан Ольга Сафронова мәре сызығына ең соңғы болып жетті
200 метр қашықтыққа жүгіру сайысында ел атлеті Ольга Сафронова екінші мүмкіндігін де мүлт жіберді.
Ольга Сафронова қайта жүгіру кезінде 23.70 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге ең соңғы (алтыншы) болып жетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Олимпиада ережесіне сай бұл кезеңде көш бастаған желаяқтар ғана жүлдеге таласу жолына қайта қосыла алады.
Отандасымыз іріктеу кезеңінде 200 метр қашықтықты 23,58 секундта жүгіріп өтіп, финалдық кезеңге тікелей қатысу жолдамасынан қағылған еді.
Айта кетейік, Ольга Сафронова Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында боксшы Асланбек Шымбергеновпен бірге ту ұстап, ел атлеттерін бастап шыққан еді.