Қостанай облысындағы Приречное ауылы карантинге жабылды

Ірі қара малдан сібір жарасының анықталуына байланысты карантин енгізілді

Қостанай облысындағы Приречное ауылы карантинге жабылды
Turkystan.kz
446

Қостанай облысында ірі қара малда сібір жарасы ауруы анықталуына байланысты карантин енгізілді.

«Қостанай облысының Приречное ауылында ірі қара малдан сібір жарасының анықталуына байланысты карантин енгізілді. Шектеу Свердлов ауылдық округі әкімінің шешімімен ауру жағдайы тұрақтанғанға дейін белгіленді. Приречное ауылы Денисовский ауданында орналасқан. Сырқаттанған малдың саны туралы нақты мәлімет жоқ», – делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы деректеріне сүйенсек, сібір жарасы Қазақстанның төрт облысында тіркелген: Ақмола, Жамбыл, Түркістан және Қарағандыда. Салдарынан індеттен бір адам қайтыс болды.

«Департаментте жыл соңында өткен алқа мәжілісінде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті ветеринарлық қызметтердің профилактикалық жұмысын сынға алды. Атап айтқанда, өткен жылы жануарларды сібір жарасына қарсы вакцинациялаудың жүргізілмеуі, төлдерді егу жиілігін есепке алмау, сібір жарасы қорымдарының дұрыс емес жай-күйі, сондай-ақ жануарларды бақылаусыз көшіру фактілері және олардың толық емес идентификациясы. Биыл көктемде табиғатты қорғау прокуратурасы Қостанай облысының ветеринариялық қызметінің жұмысын тексерді. Прокурорлар малды жалған вакцинациялау, ресми есептердегі ауруларды жасыру, вакциналарды қолдану және сақтау тәртібін бұзудың жүйелі фактілерін анықтады. Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу және бірдейлендіру мәселелерінде статистикалық деректермен айла-шарғы жасалғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары