Қостанайда зорланған 5 жастағы қыз: Оқиғаға қатысты тың ақапарт мәлім болды

Қызды зорлаған 3 баланың ата-анасы маскүнем болып шыққан.

Қостанайда зорланған 5 жастағы қыз: Оқиғаға қатысты тың ақапарт мәлім болды
istockphoto.com
1412

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялдар қызметінде өткен брифингте Қостанайда 3 жасөспірімнің 5 жасар қызды зорлауына қатысты мәлімет берді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Оқу-ағарту министрлігінен білім сапасы комитетінің өкілдері барды. Өңірлік бала құқытарын қорғау өкілдері де бар. Бұл мәселені комитет бақылауда ұстап отыр. Балалардың баланы зорлау деректері бар. Олар азайып келеді», - дейді ол.

Оспанованың айтуынша, аталған жағдайдағы зорлық жасаған балалардың жасы кішкентай.

«Олар ерекше бақылауды қажет ететін отбасылардан шыққан. Олардың ата-аналарына да көмек көрсету керек. Себебі олар өмірдің қиын жағдайында өмір сүріп жатыр. Маскүнемдер отбасылары да бар.  Қазір олар кәмелетке толмағандарды бейімделу орталығында отыр. Оларды арнайы мектепке көшуіру мәселесі қаралып жатыр. Себебі ол балалармен жеке-жеке жұмыс істеу керек», - дейді Оспанова.

Оның айтуынша, екі тараптың балалары да әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан.

«Жәбірленуші қыздың анасы біздің өңірлік балалар құқығын қорғау уәкілімен байланыста. Біз мәселені шешудің жолдарын іздеп жатырмыз. Бұл оқиға барлығын алаңдатты. Ал ұлдардың ата-аналары әкімшілік кодекс аясында әкімшілік жауапқа тартылады», - деді Насымжан Оспанова.

Еске салсақ, Қостанайда болған жантүршігерлік оқиға жайлы НеМолчиKZ қоры жазды. Шілде айының басында бес жасар қызды 8, 12 және 13 жастағы ұлдар топтасып зорлаған. Екі бала қызға күш қолданып, таспен самайынан ұрған. Балалар кінәсін мойындады, тергеуге мемлекеттік адвокат пен мектеп психологы тартылған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары