Алматыда самокат мінген баланы жүк көлігі қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда самокат мінген баланы жүк көлігі қағып кетті (ВИДЕО)
скриншот
622

Алматыда самокат мінген баланы «ГАЗель» жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға көлік камерасына түсіп қалған. Кадрларда сары самокаттағы кішкентай баланың жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанын көруге болады. Осы уақытта оны бағдаршамның жасыл түсіне өтіп келе жатқан «ГАЗель» қағып кетеді.

Видеоға пікір білдірген қолданушылар кішкентай баланың самокатты қалай іске қосқаны таңғалдырған.

 

Полиция мәліметінше, оқиға Алматыдағы Өтепов пен Розыбакиев көшелері қиылысында болған.

«Салдарынан бала дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Тергеуге кіріскен Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары