Бас имам Бақытбек Тәжімбеттің ұсталуы: ҚМДБ мәлімдеме жасады

ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты.

Бас имам Бақытбек Тәжімбеттің ұсталуы: ҚМДБ мәлімдеме жасады
коллаж: Тurkystan.kz
635

Желіде Қостанай облысының бас имамы 23 шілдеде Бурабайда көлікті мас күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны үшін ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пікір білдірді.

 «Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды.

Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтасын!», - делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай қаласының бас имамы мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары