Ақтөбеде көлікке соқтығысқан екі велосипед жүргізушісі қаза тапты

Марқұм жігіттердің жас 25 және 26-да болған.

Ақтөбеде көлікке соқтығысқан екі велосипед жүргізушісі қаза тапты
istockphoto.com
438

Ақтөбеде автокөлік пен велосипед соқтығысып, екі адам қаза тапты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 шілде күні сағат 00:50-де қайғылы оқиға тіркелді. Қаладағы Ақжар-1 ауылы маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатқан көлік жүргізушісі велосипедке соқтығысқан. Салдарынан велосипедтегі 25 және 26 жастағы екі жігіт оқиға орынында көз жұмды.

Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Kia" автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қамауға алынды. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Серіктес жаңалықтары