Әлемдегі ең жайлы қала қай қала екені белгілі болды

Әр қаланың жалпы рейтингі бес түрлі санаттағы 100 ұпайдан орташа баллды есептеу арқылы шығарылады: тұрақтылық, мәдениет және қоршаған орта, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылым.

Әлемдегі ең жайлы қала қай қала екені белгілі болды
сурет: istockphoto.com
502

Вена биыл тағы да әлемдегі ең жайлы қала деп танылды. The Economist Global жүргізген зерттеуде үздік қалалардың қатарына 3 Еуропа қаласы кірген, деп хабарлайды euronews.com.

Вена туралы сипаттауға болатын көптеген тамаша эпитеттер бар: әдемі, тарихи, көркем, мәдени. Енді осы тізімге тағы бір сөзді қосуға болады: жайлы. Австрия астанасы қатарынан үш жыл The Economist журналының жыл сайынғы өмір сүруге қолайлық индексіне енгізілген 173 қала ішінен әлемдегі ең жайлы қала деп танылды.

Өмір сүруге қолайлық — субъективті ұғым және The Economist Global өмір сүруге қолайлық индексі мінсіз емес. Алайда ұпай белгілі бір көрсеткіш жиынтығы арқылы анықталады. Әр қаланың жалпы рейтингі бес түрлі санаттағы 100 ұпайдан орташа баллды есептеу арқылы шығарылады: тұрақтылық, мәдениет және қоршаған орта, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылым.

 

Серіктес жаңалықтары