Шиелі ауданында ер адам 20 жастағы әйелін өлтіріп, қашып кеткен

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шиелі ауданында ер адам 20 жастағы әйелін өлтіріп, қашып кеткен
t.me/egovpress
936

Қызылорда облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлады. 20 жастағы әйелдің өлімі туралы ақпарат Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды.

«Кейбір дерек көздер Қызылорда облысының тұрғыны әйелін қатыгездікпен өлтіріп, қашып жүргенін хабарлап жатыр. Осы адамды көрген-білгендер болса, полицияға хабарлаңыздар. Қылмыс Шиелі ауданы Майлытоғай ауылында болған», - делінген жазбада.

Сондай-ақ хабарламада полицейлер таратқан бағыттама жарияланған. Онда көз жұмған әйелдің күйеуі күдікті ретінде танылып, іздестіріліп жатқаны көрсетілген. Одан бөлек Майлытоғай ауылы маңындағы қойшы ауылдан 20 жастағы әйелдің денесі табылғаны жазылған. Бұл оқиғаға қатысты Қызыорда облыстық плиция департаментінің өкілдері пікір білдіріп, күдікті ұсталғанын хабарлады.

«Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды», - деді полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары