943
«Жарты сағат қойған сұрақтарына жауап беріп отырсам»: Әлдебіреу Мақпал Жүнісоваға Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан хат жазған
«Мен «Ереке, рақмет» деп жарты сағат қойған сұрақтарына жауап беріп отырсам»
Әнші Мақпал Жүнісова WhatsApp желісінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың атын жамылған алаяқтармен жарты сағат хат алмасқанын айтады.
«Маған Алматы қаласы әкімінен WhatsApp-қа хат келді. Мен «Ереке, рақмет» деп жарты сағат қойған сұрақтарына жауап беріп отырсам, мені алдаған екен. Сіздер де алданып қалмаңыздар», – деп жазады әнші.